Өтілген шаралар

Қарттарым асыл қазынам

1 қазан күні Қарттар күніне орай  балабақшамызбен  қарттар үйіне барып концерттік шара ұйыдастырдық.

Мақсаты: Өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат  алуға үйрену. Балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Ата — аналар жиналысы

Тақырыбы: Жақсы бала, ата — ана қуанышы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата — ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым — қатынасты қалыптастыру;

Ашық сабақ «Менің отбасым»

Ашық сабақ «Менің отбасым» балабақшада Балаларға отбасы туралы түсінік беру. Балаларға отбасы мүшелерін атай білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту,тілдерін дамыту.Отбасы мүшелерін құрметтей білуге,үйдегі жұмыстарға көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Ұжым

Саяхат

Шабыт балабақшасы балаларды танымдық саяхатқа жие шығарады. Мақсаты балаларды отансүйгіштік пен туған жерге, елге деген сүйіспеншілігі мен құрмет сезімін ояту, патриотизмге баулу. Мемлекетіміздің тарихи-мәдени құндылықтары мен жәдігерлерін құрметпен қарауға шақыру қоршаған ортамен таныстыру, мамандықтар иесімен таныстыру, тіс дәрігерге саяхат, кітапханға саяхат, страус фермасына саяхат, бекре фермасына саяхат, мектепке саяхат, ботаникалық баққа саяхаттады.

Семинар

Шабыт балабақшасы
Семинар тақырыбы «Ұлттық құндылық тәрбие көзі»

Мақсаты: Ұлттық құндылықты сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Балалардың бойында ұлттық ойындар арқылы ұлттық сана сезімді ояту, туған жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ұлттық құндылықтарды бағалауды үйрету.

Жазғы сауықтыру шаралары

Балабақшадағы тәрбиеленуші балалармен жазғы сауықтыру жұмыстарының сәтті өтуі көбінесе оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларының оған қаншалықты сауатты және уақтылы дайындалғандығымен анықталады. Сауықтыру жұмыстарын жоспарлау кезінде мен әдіскер ретінде  келесі қағидаларды ұстануды жөн санаймын: профилактикалық, шынықтыру және сауықтыру технологияларын кешенді пайдалану, шынықтыру және сауықтыру іс-шараларын үздіксіз жүргізу; қарапайым және қол жетімді технологияларды қолдану. 
Бұл әрекетті ұйымдастырудағы басты мақсатымыз -тәрбиеленушілермен сауықтыру жұмысының сапасын арттыру және жазғы кезеңде тәрбие-білім беру процесінің барлық қатысушылары арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Осы аталған іс-шараларда балалардың қалауын ескере отырып, жас ерекшеліктеріне сай түрлі байқаулар, жарыс сипатындағы ойын-сауықтарды өткізу жолға қойылған. Соның ішінде «Нептун» күні, «Гунна» пляжға саяхат, гончар студиясына саяхат, Жазғы пикник, «Пижама пати», «Шляпа» шеру, жазғы фотосесия шаралары өткізілді.

Ертеңгіліктер

Балалармен өткізілетін ертеңгіліктер – балабақшадағы маңызды іс-шаралардың бірі. Бұл психо-логопедиялық талаптарға бағытталған топтық, шығармашылық жұмыс түрі болып саналады, балаларды ұйымшылдыққа, сыйластыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелейді

Мерекелік ертеңгіліктерде балалардың көріністер көрсетуі, ән айтуы, би билеуі, тақпақтарды жатқа айтуы шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыратын басты фактор. Ертеңгілікті жоспарлағанда әр педагогтың алдында ертеңгілікті қалай ұйымдастырамын деген сұрақ туындайтыны сөзсіз.
Ертеңгілікте өнер көрсету бала бойында қызығушылықты туғызады, оны қанаттандырады, қуаныш сезімі, мерекелік көңіл-күй пайда болады. Тақпақтарды жатқа айту баланың тілін дамытатын болса, достарымен бірге ән салғанда, өлеңнің сөздерін жаттап алады, әдемі қимылдар көрсетеді, басқаларды тыңдап үйренеді, дұрыс орындауға тырысады, яғни есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытады.
Бұл іс-шараның тағы да бір жағымды жағы- бала күнделікті көріп жүргендерінен бөлек, басқа бір мерекелік безендірілген, ғажайып әлемге әдемі киініп, кейіпкер бейнесіне еніп, тап болғандай сезімде болады.
Балалармен өткізілетін ертеңгіліктер педагогтардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұйымдастырушы педагог өз шығармашылығы мен бастамашылдығын, шеберлік қасиеттерін көрете білуі керек. Себебі, дұрыс ұйымдастырылмаған ертеңгілік балаларға қуаныш әкелмейді, өз нәтижесін бермейді. Ертеңгілікте барлық балалар қамтылуы тиіс, қатыспаған бала өзін жалғыз сезінеді, көңіл-күйі бұзылып, ренжиді. Балалардың зейіні әлі тұрақсыз болғандықтан, жас ерекшеліктерін ескеру, жастарына сай тапсырмалар берілуі тиіс.

Ертеңгіліктердің түрлері:

1. Жыл мезгілдеріне байланысты («Алтын күз» мерекесі, «Қош келдің, Жаңа Жыл» ертеңгілігі, «Көктем келді көңілді», «Жайдарлы жаз»
2. Патриоттық тақырыпта («Тәуелсіздік тұғырым», «Елін сүйген елбасы», «Отаным жайнай бер», «Ана тілім-асыл мұратым», «Астана- арман қала»)
3. Экологиялық тақырыпта («Туған жер- алтын бесік»)
4. Атаулы мерекелер («8 Наурыз — аналар мерекесі», «12 сәуір- ғарышкерлер күні», 7 Мамыр- Батырлар күні, 1 желтоқсан- тұңғыш президент күні, «1 Маусым – Балаларды қорғау күні»
5. Балалар өміріндегі ерекше орын алатын ертеңгіліктер («Туған күніңмен!», «Ойыншықтар мерекесі»)
6. Салт- дәстүрлерге байланысты ертеңгіліктер («Қош келдің, әз Наурыз!»)
7. «Қош бол, балабақшам!» (бітіруші топтар үшін)
8. Тақырыптық ертеңгіліктер («Тазалық- денсаулық кепілі», «Жолда жүру ережесін білесің бе?», «Жас дарындар»)
9. Әдеби ертеңгіліктер («Ертегіде қонақта», «Кітап біздің досымыз»)
10. Музыкалық ертеңгіліктер («Ән қанатында», «Әнші балапан»)